"Түрме әкімшілігі рұқсат береді": Ақтөбелік тұтқындар абақтыдағы азаптауларға шағымданды
Ақтөбеде қамаудағылардың бейне үндеуі үлкен резонанс тудырды. 168/2 түзеу колониясының бірнеше тұтқыны темір тордың артында бір камерада жататын адамдар оларды аяусыз ұрып-соғатынын айтты. Ал түзеу мекемесінің әкімшілігі азаптауға көз жұма қарайды. Бұған өздері рұқсат береді деген болжам бар. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Астана" арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖД хабарлауынша, видеоны құқық қорғау органдары тексерді. Бірақ заңсыз әрекеттер фактілері әлі расталмады. Мекемеде тексеру жалғасуда. Оның нәтижелері бойынша Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаменті шаралар қабылдауға уәде береді
"ҚАЖ барлық мекемелері бейнебақылау камераларымен жабдықталған. Жеке құрамның жұмысы қызметтік міндеттерін орындау сапасына бақылау жүргізуге мүмкіндік беретін тасымалданатын бейнетіркегіштердің тұрақты түсірілімімен сүйемелденеді, бұл да мекеме әкімшілігінің құқыққа қайшы әрекеттерге қатыстылығы фактісінің жояды", - деді ведомствода.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар