Түркияның басқарушы партиясы сайлаудың кейінге қалдырылмайтынын айтты
Түркияның басқарушы партиясы жалпы сайлауды кейінге қалдырылмайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Hürriyet басылымына сілтеме жасап.

Хабарламаға сәйкес сайлау науқаны жоспар бойынша жүзеге асатын болады.
"Президент Ердоған 14 мамырда сайлау өткізуді жақтайды. Ал партияның кейбір мүшелері 18 маусымда өтуді қолдап отыр. Жоғары сайлау комиссиясы жер сілкінісі болған аймақтан көшіп келгендер және жер сілкінісі аймағында қалғандардың дауыс беруі үшін жұмыс істейді. Қандайда бір әділетсіздіктерге жол бермеу үшін жер сілкінісі болған аймақтардың тұрғындары да дауыс беру құқығын қолданатын болады", – деп жазады басылым.
"Қазақстандық өнімді сөреге қойғызбайды": Ақтаудан Алматыға бизнесін дамытуға келген кәсіпкер өндірісін жабуды ойлап жүр
Сөзінше, отандық өнімді қолдамай, оның тауарларына арналған сөре берілмейді.
1 миллион 200 мың теңге: Қазақстанның қай өңірінде мұғалімдер көп жалақы алады
Алматы облысында бір мұғалімнің айлық жалақысы 1 миллион 228 мың теңгеге жеткен