RAMS Qazaqstan компаниясы Димаш Құдайбергеннің Ыстамбұл қаласында өткен концертіне қолдау көрсетті
Қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің Түркияның Ыстамбұл қаласында “Beşiktaş” стадионында концерті өтті. Шараға толықтай RAMS Qazaqstan компаниясы демеушілік етті. Әдемі кешке Stan.kz тілшісі де қатысты. Әншінің күллі әлемнен жиналған жанкүйерлері оның талантына, қазақ елінің дәстүріне қалай тамсанғанына куә болды. Олай болса ауқымды кештің қалай өткенін айтып берейік.
24 мамыр күні өткен концертте көрермен әншінің "Stranger" атты шоу бағдарламасына тамсанды. Бұл концерт бұрынғы концерттен өзгерек, себебі бұл күні Димаштың туған күні еді. Әншінің жақындары мен әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған жанкүйерлері оны туған күнімен жарыса құттықтады.
Ал RAMS Qazaqstan компаниясы өкілдері Димаш Құдайбергеннің концертін қолдау арқылы түркі халықтарының достастығын нығайтуды мақсат еткенін алға тартты.
“Компания түркі халықтарының достастығын қолдайды. Отандық өнерімізді демеу арқылы өзге халықтар алдында елімізді одан сайын танытып, жақындата түсеміз. Бұл – компанияның басты ұстанымы. Димаш біздің елімізді әлемге танытып жүрген үлкен мақтанышымыз. Сондықтан оған қолдау көрсете отырып, компаниямыз еліміз Қазақстанның мәдениеті күллі әлем халқына танылуына үлес қосады деп сенеміз. Біз қазақстандық әртісті Қазақстаннан тыс жерлерде де қолдай алатынымызға қуаныштымыз”, – деді RAMS Qazaqstan компаниясының PR бөлімінің директоры Евгения Кожа-Ахмет.
"DimashAli" шығармашылық орталығы да концертті өткізуге көмектескен RAMS Qazaqstan компаниясына алғысын білдірді. Концерт барысында Димаш та барша жиналғандарға ризашылығын білдіріп, барша әлемге бейбітшілік тілейтінін жеткізді.
“Түрікше, ағылшынша сөйлеп жатырмыз, алайда менің туған елім, туған тілім бар. Барша менің тілеуімді тілеп тұратын қазақ елінің атынан түрік ағайынға, әлемнің түкпір-түпкірінен келген жанкүйерлерге мың тағзым, үлкен рахмет! Еліміздің көк байрағы күллі әлем алдында желбірей берсін. Әлемде бейбітшілік, татулық болсын. Ел мен елдің арасында қай ұлт болмасын әрқашан өзара достық болсын. Достаса білу – үлкен даналықтың белгісі. Сондықтан осы концертте ұлттарыңыз бөлек болса да, өзара бірігіп, көңілдеріңіз бір арнаға тоғысып, келіп отырғандарыңызға мың мәрте рахмет”, – деді Димаш Құдайберген.
Кеште қазақ елінің салт-дәстүрі мен өнерінің тарихын өзге ұлттарға танытатын түрлі бейнероликтер көрсетілді. Әнші көптеген туындысын қобыз, домбыра, ұлттық аспаптардың сүйемелдеуімен орындады. Өнер иесін АҚШ-тан, Қазақстаннан, келген достары мен Түркиядағы әріптестері туған күнімен құттықтады. Ал өнердегі алғашқы ұстазы Марат Әйтімов Димаш сахна артына өтпек болған сәтте күтпеген жерден үлкен тортпен шығып, оған тосынсый жасады. Барша ұжым мен концертті ұйымдастырушылар атынан да құттықтап, жылы лебізін білдірді.
Кеште әнші “Ұмытылмас күн”, “Махаббат бер маған”, “Любовь уставших лебедей” әндерін барша тыңдармандарымен бірге қайталап шырқады.
Димаш алғаш рет Лос-Анджелестен келген қонақ, композитор, продюсер, Нейтан Вангпен бірге бір сахнада өнер көрсетіп, "Авангард" фильмінің саундтрегін орындады. Сонымен қатар қазақстандық композитор Ренат Гайсинмен “Қайран елім”, түркиялық атақты диджей Бурак Йетермен "Weekend", түркиялық тағы бір әнші Халук Левентпен гитараның сүйемелдеуімен түріктің ең танымал "Gesi Bağlari" әндерін шырқады. Халук Левент сахнада Димашқа гитара сыйлап, өзінің ыстық лебізін білдірді.
“Біз Димашпен бауырдай болып кеттік. Ол маған домбыра сыйлаған еді. Ал бүгін мен оған гитараны сыйға тартқым келеді”, – деді Халук Левент.
Ал "Stranger" туындысы шоудың титулдық әні болды.
Түркияда болған концертте әншінің жанкүйерлері АҚШ-тан, Европадан, Жапониядан, Қытайдан тағы басқа да елдерден ағыла келді. Қазақстандықтар да қалыс қалмады.
“Бұл Ыстамбұлдағы Димаштың жанкүйерлері үшін керемет кеш болмақ. Осындай концертті ұйымдастырушыларға, елшілік пен демеушілерге көп рахмет! Димаштың түркиялық жанкүйерлері оны жақсы көреді және оның да бізді жақсы көретініне сенімдіміз. Өте қуаныштымыз”, “Мен Димаштың концертіне құрбыларыммен Жапониядан келдім. Түркі елдері мен Қазақстанды жақсы көреміз”, “Мен Испаниядан келдім, қатты толқып тұрмын. Димаштың концертіне алғаш болуым. Маған Қазақстан қатты ұнайды”, “Бұл шынымен ұмытылымас күн болды”, – деді тыңдармандар.
RAMS Qazaqstan компаниясы әлемдік деңгейдегі концертті қолдап қана қоймай, оны барша елге насихаттау үшін блогерлер мен БАҚ өкілдерін де қонақ етті.
“Димаш – біздің еліміздің сөзсіз мақтанышы. Осындай керемет кешті қолдап, бізді шақырған RAMS Qazaqstan компаниясына үлкен рахмет”, “RAMS Qazaqstan компаниясы осындай қалада керемет әсерлер сыйлауда. Компания еліміздің мәдениетін қолдауда үлкен іс атқаруда”,- деді бір топ блогерлер.
Қазақ мәдениетін өзге елдерге таныта түсу мақсатында ұйымдастырылған пресс-турда компания келген қонақтарға концерттен бөлек, Ыстамбұл қаласының тарихи, таңдаулы орындарын көрсетті. Бұл екі ел арасындағы достық танымды арттыра түскендей болды. Түркияның үлкен қаласы, өнеркәсіп және мәдениет орталығы Ыстамбұлдағы бұл кеш көпшіліктің мәңгі есінде қалары сөзсіз.
RAMS Qazaqstan компаниясы өз кезегінде әрқашан түрлі салаларда демеушілік пен қолдау көрсетіп жүр. Мәселен, компания осы уақытқа дейін елдегі мектеп құрылысына, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған мекемелерге демеушілік көрсеткен. Одан бөлек, қоғамдық жұмыстарға да белсене атсалысады. Қалалардың тазалық жұмыстарын жүргізуде және су тасқынынан зардап шеккендерге қолдау көрсетуде де үлкен іс атқаруда.
RAMS Qazaqstan компаниясы нарықта 26 жылдан астам уақыт жұмыс істейді. Құрылыс компаниясы пайдалануға 3 000 000 м²-ден астам тұрғын үй жылжымайтын мүлкін пайдалануға өткізген. Компанияның басты ұстанымы халықтың таза, жайлы әрі гүлденген аймақта өмір сүруін қамтамасыз ету. Атап айтқанда, RAMS тұрғын үйлері жайлы пәтерлерден бөлек, аумақтағы бар қажеттіліктің қолжетімділігімен ерекшеленеді. Мектеп, балабақша, ойын-сауық орындары мен табиғат аясында демалуға мүмкіндік беретін саяжайлары жайлы өмірдің керемет таңдауы. Компания әр адамнан бастап, қоғамның дамуына дейін барынша үлес қосу үшін жұмыс істеп келеді.