Түркияда жол апаты болып, 15 турист зардап шекті
Фото: IHA порталынан
Түркияның Аланья қаласында туристік автобус пен шағын жолаушылар автобусы соқтығысып, 15 адам зардап шекті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі IHA порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Жол апаты таңғы сағат тоғыз шамасында Конаклы ауданы маңындағы тасжолда болған. Алдын ала мәлімет бойынша, туристік автобус бір бағытта келе жатқан шағын автобуспен соқтығысқан.

Оқиға салдарынан 15 адам жарақат алды. Оның екеуінің жағдайы ауыр деп бағаланып отыр.
Қазір оқиға орнында жедел жәрдем мен төтенше жағдай қызметтері жұмыс істеп жатыр. Зардап шеккендер жақын маңдағы ауруханаларға жеткізілді.
Алматыда жаңбырдан соң көліктер батпаққа батып, жолдар опырылды
Тұрғындар жауын-шашын басталмай тұрып жолды ретке келтіруді сұраған, алайда орындалмаған
Толасыз жауған жаңбырдан соң Алматы көшелерін су басты: Тұрғындар арық жүйесін сынға алды
Тұрғындар: "Қалаға жаңбыр суын ағызатын кәріз жүйесін қайтарыңыздаршы"