Түркияда үйінділер астынан екінші қазақстандықтың мәйіті табылды
Төтенше жағдайлар министрлігі Түркиядағы жер сілкінісінен кейін үйінділер астынан екінші қазақстандықтың мәйіті табылғанын мәлімдеді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстандықтар Түркияның Хатай провинциясындағы ғимараттардың бірінде болған. Алайда зілзаладан кейін ғимарат толығымен қирап қалған. 10 ақпанда іздеу жұмыстары кезінде Мирболат Құрмашевтің мәйіті анықталған.
Құтқарушылар қазақстандықты іздеу үшін үйінділер астында арнайы ойық жасап, ішке кірген.
“Бұл ретте құтқарушылар құрылымдық элементтердің қайта құлауын болдырмау үшін тосқауылдарда аз саңылаулар жасауға тырысты, үйіндіде қауіпті учаскелерді бекітті, үйінді бөлшектерін көтеріп, жылжытты”, – делінген министрліктің хабарламасында.
Еске салайық, 9 ақпанда үйінділер астынан тағы бір қазақстандықтың мәйіті табылған еді. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Қазақстанда ипотека не себепті қымбат: Нарықтағы әділ баға қандай болуы керек
Экономист мамандар тұрғын үйдің қымбатшылығына не әсер етіп жатқанын айтты
Неге Қазақстан қалаларында аялдама бағасы пәтер құнымен тең: Әкімдіктер қанша қаржы жұмсайды?
Бір аялдаманың орташа құны шамамен 10,3 миллион теңге