Түркияда тұрып жатырмыз: Нұрлан Қоянбаевтың әйелі өзін көпшілікке таныстырды

Әзілкеш, актер, белгілі продюсер Нұрлан Қоянбаевтың әйелі өзін көпшілікке таныстырды. Әйгерім ханым соңғы күндері желіде белсенді. Бұл жолы оқырмандарына өзі жайлы жеке мәліметтерді жариялады.

"Ал танысайық менің атым- Әйгерім. Жасым 34-те, Алла берген екі баламыз бар. Бір қыз және бір ұл. Есімдері - Нұрай және Нұрсейіт. Балаларымызды инстаграмға салмаймыз сондықтан сұрамаңыздар басқа, үлкен өтініш. Тараз қаласында туып өскенмін, 2003 Алматы қаласына аграрлық университетке түстім. Мамандығым - СС (өнімдерді стандарттау және сертификатттау). 2008 жылы Алматы қаласында тұрмысқа шықтым. Біз бес жылдай жұмыс бабымен астанада тұрдық. Қазіргі таңда, Стамбұлдамыз. Түркияға да жұмыс бабымен келдік. Алла қаласа өз елімізге ораламыз, уайымдамаңыздар" , -деп жазды Қоянбаева.

Жақын күндері Нұрлан Қоянбаев жарының желідегі парақшасын жариялап, оған жазылуға шақырды. Осыдан соң Әйгерім ханым желіде белсенділік танытып жүр.

Желі қолданушылары сан сауалдар қойып үлгерді. 



"Бұған дейін неге көрінбедіңіз?", "Сіздер жақсы жарасасыздар, маған ұнайды", "Нұрлан Қоянбаевтың жүрегін қалай жаулап алдыңыз", "Бір-бірлеріңізге ұқсайсыздар", "Түркияда қалып қоймаңыздар", "Екі елдің айырмашылығы бар ма?", "Осылардың өмірі керемет, әйтеуір", - деп жазды олар.

Бұған дейін Әйерім ханым күйеуін қызғанатынын айтқан еді. 

"Әрине, қызғанатын кездерім болады. Адам болған соң қызғаныш болады. Мен де, Нұрлан да қызғаншақпыз. Ол да көп қызғанады. Ол өнер адамы. Оның жұмысына араласпаймын. Кедергі болғым келмейді. Оның жұмысына тек жұмыс деп қана қараймын. Маған желіде көп жазып жатады. Қалай шыдайсыз деп сұрайды. Менде басқа амал жоқ", - деді Әйгерім Қоянбаева. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр