Түркияда тағы да жер сілкінісі болды
Түркияның Кахраманмараш провинциясында магнитудасы 5,0 балдық жер сілкінісі тіркелді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Еуропалық-Жерорта теңізі сейсмология орталығының хабарлауынша, зілзала ошағы 4 шақырым тереңдікте болған. Зардап шеккендер мен қирандылар туралы ақпарат жоқ.
Еске салсақ, 6 ақпанда Түркияда магнитудасы 7,7 балдық жойқын жер сілкінісі болды. Эпицентрі Кахраманмараш провинциясындағы Пазарджик ауданында болған зілзала ошағы 7 шақырым тереңдікте болған. Жер сілкіну салдарынан Хатай, Газиантеп, Килис, Османие, Малатья, Адыяман, Шанлыурфа, Диярбекир, Адана және Кахраманмараш провинцияларында көптеген ғимарат қирады.
Бір жыл бұрын салынады делінген 3,5 миллиард теңгелік футбол академиясының құрылысы әлі басталмаған: Тараз әкімдігі себебін түсіндірді
Әкімдік: "Оның құрылысына дайындық, жобалау, сараптамадан өткізу және құрылыс жұмыстарын бастау секілді әрбір кезең белгіленген тәртіп пен мерзім қажет"
122 миллиард теңге бөлінсе де, Қазақстанда қоқысты қайта өңдеу неге дамымай жатыр
Маман қомақты қаржы бөлінгенімен, қалдықтарды өңдеуде шешілмеген мәселе көп екенін айтады