Түркияда тікұшақ апатқа ұшырап, екі ұшқыш қаза тапты
Түркияның оңтүстігіндегі Газиантеп провинциясында полиция тікұшағы апатқа ұшырап, екі ұшқыш қаза тауып, бір техник жараланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Анадолы басылымы Түркияның ішкі істер министрі Али Йерликаяға сілтеп, Нұрдағы ауданы Картал Кою қаласында полиция бас басқармасының әуе флотының тікұшағы апатқа ұшырағанын жазады.
“EM 708 нөмірлі тікұшақ Хатай әуежайынан Газиантеп әуежайына ұшып бара жатқан, соңғы рет экипаж жергілікті уақыт бойынша 22.49-да байланысқа шыққан”, - деп мәлімдеген ведомство басшысы.
- Түркияда белгісіз біреулер Procter & Gamble зауытының жұмысшыларын тұтқынға алды
- Ресей мен Украина Түркияның ықпалымен қайта келіссөз жүргізуі мүмкін – БАҚ
Оқиға орнына дереу Ұлттық медициналық құтқару қызметі (UMKE), құтқарушылар, жандармерия қызметкерлері және Түркияның Апаттармен күрес басқармасының (AFAD) топтары жіберілді. Жараланған полицей ауруханаға жатқызылды.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды
