Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркия президенті Швецияның НАТО-ға мүше болуын қолдады

Түркия президенті Реджеп Ердоған Швецияның НАТО-ға кіретіні туралы хаттамаға қол қойды. Мұны Ердоған әкімшілігі хабарлады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: matritca.kz

Енді құжатты Түркияның парламенті бекітеді.

"2023 жылдың 23 қазанында Швецияның НАТО-ға қосылуы туралы хаттамаға президент Режеп Тайип Ердоған қол қойып, құжат Түркияның Ұлы ұлттық жиналысының қарауына жіберілді", - делінген президент әкімшілігінің байланыстар жөніндегі басқармасының әлеуметтік желідегі парақшасында.

Кейіннен НАТО-ның бас хатшысы Йенс Столтенберг Түркия басшысының бұл қадамына қолдау білдіріп, мәлімдеме жасады. 

"Президент Ердоғанмен кездесуде айтып өткенімдей, бұл бүтін Альянсты қуатты әрі қауіпсіз ете түседі", - деді ол.

Бұған дейін Түрік Республикасы Скандинавия елдері – Финляндия мен Швецияның Солтүсік Альянсқа мүше болу туралы өтінішін қолдамаған еді.
Финляндия осы кезге дейін бейтарап мемлекет болып келді. Скандинавия елдері 2022 жылы Ресейдің Украинаға әскери шабуылынан соң НАТО құрамына алу жөнінде өтініш берген. Финляндия 2023 жылдың сәуірінде НАТО мүшесіне кірді. Швецияның НАТО-ға қосылуына Түркия мен Венгрия қарсылық білдірген. Енді, Анадолы елі Швецияның НАТО-ға мүше болуын қолдап отыр.

Талқылау