Түркия президенті өмір бойына бас бостандығынан айырылған жеті генералға рақымшылық жасады
Режеп Тайып Ердоған 27 жыл бұрын әскери төңкеріске қатысы болған жоғары лауазымды әскери шенділерді босату туралы жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Информбюро жаңалықтарына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: https://news.am/rus
Оған сотталғандардың жасы ұлғайып, созылмалы ауруларға шалдығуы себеп болған.
Осылайша, 2018 жылы әскери төңкеріс жасауға оқталды деген айыппен ауыр жаза арқалаған 14 адам мерзімінен бұрын бостандыққа шығатын болды. Олардың қатарында генералдар да бар.
Айта кетейік, 1997 жылы Түрік қарулы күштерінің қолбасшылығы арнайы меморандум шығарды. Соған сәйкес исламшыл әл-ауқат партиясының жетекшісі Нежметтин Ербакан басқарған министрлер кабинетінің отставкаға кетуі талап етілді. Содан кейін болған әскери төңкеріс сәтсіз аяқталған еді. Бұл оқиға "28 ақпан ісі" деген атаумен Түркия тарихында қалған еді.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген