Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркия мен Араб Әмірліктерінен келген қазақстандықтар ауруханаға карантинге жатқызылады

Көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Садуақас Байғабұлов 21 елден ПТР тестілеу сертификатсыз келген қазақстандықтар ауруханаларда екі күн бойы оқшауланатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Қазіргі уақытта көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің эпидемиологтары авиакомпаниялардың, әуежайлардың және басқа да мүдделі органдардың өкілдерімен бірлесіп, 2 санаттағы елдерден Қазақстанға қазан айынан бастап рейстермен келетін барлық адамдарға қосымша талаптарды енгізу аясында жұмысты ұйымдастыру бойынша мәселелерді пысықтап жатыр", - деді Байғабұлов.

Оның айтуынша, авиакомпаниялар Қазақстанға билет сатып алатын жолаушыларға COVID-19-ға қойылатын қосымша талаптар туралы хабарлайтын болады.

"Шетелдік азаматтарда мемлекеттік шекарадан өту кезінде соңғы үш күнде алынған COVID-19-ға тапсырылған тестің теріс нтижесі болуы керек. Әйтпесе олар әуежайдан әуе кемесіне қабылданбайды. Ал Қазақстан азаматтарында, келгеннен кейін анықтама болмаған жағдайда, COVID-19 үшін ПТР анализі үшін ауруханада екі күндік карантинге орналастырылады", - деді бас дәрігер.

Оның айтуынша, өңірлерде тиісті ауруханалар дайындалған. Бұған дейін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Түркиямен әуе қатынасын қысқартуды ұсынған.

Бірінші дәрежелі елдер қатарына - ҚХР, Тайланд, Моңғолия, Малайзия, Мысыр, Оңтүстік Корея, Жапония, Сингапур, Германия, Беларусь, Әзірбайжан жатады. Бұл дәрежедегі мемлекеттерден келген қазақстандықтардың дене қызуы тексеріліп, анкета алынады.

Екінші дәрежелі елдер қатарына - Ұлыбритания, Польша, Италия, Венгрия, Австрия, Нидерланды, Швеция, Румыния, Чехия, Греция, Турция, БАӘ, Үністан, Армения, Ресей, Өзбекстан, Украина, Қырғызстан, Тәжікстан, Сауыд Арабия жатады. Екінші дәрежелі елдерден келгендерден коронавирус расталмағаны туралы анықтама сұралатын болады.

Талқылау