Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жазадан құтылып кете ме деп қорқады: Түркістанда полиция қызметкері жалғызбасты әйелді бірнеше мәрте зорлады деп күдікке ілінді

Түркістанда 31 жастағы жалғызбасты ана өзін полиция қызметкері ұрып-соғып, зорлағанын мәлімдеді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

әйел түркістан

Түркістандық әйелдің айтуынша, ер адам оны ұрып-соғып, бірнеше мәрте зорлап, тіпті оның үлкен қызына жыныстық алымсақтық жасаған. 

Бұл туралы Немолчи.kz қоры жариялады.

Үш баланың анасы 2022 жылдың мамыр айының аяғында алаяқтық бойынша күдікке ілініп,Түркістан облысы Сауран аудандық полиция бөлімшесіне түсініктеме беруге шақыртылған. Сол кезде бөлімнің жедел кезекшісі тергеушіні жақсы танитынын және оған көмектесе алатынын айтып, нөмірін сұрады. Әйел тергеушіге мән-жайды баяндағаннан кейін іс қысқартылды.

“Сол күні кешке У. есімді полиция қызметкері маған хабарласып, кездесуге шақырды. Әлбетте, бас тарттым. Бірақ ол сонда да қайтпай, үйімнің алдына тұрды, амалсыздан шығуға мәжбүр болдым. Көлікке отырған кезде істі өзі шешіп бергенін айтып, соған “алғыс” білдіруімді сұрады”, – деп жазды 31 жастағы әйел.

Жалғызбасты ананың айтуынша, ол не ойларын да білмей қалған. Содан соң ол істің қысқартылғаны туралы қаулыны беретінін айтып, құжаттарды алып кетуге барады. 

“Құжаттарды алуға барған едім, ол мені пәтеріне алып келді. Сол жерде еркімнен тыс зорлық-зомбылық жасады”, – дейді ол.

Әйел алғашында мұны жылы жауып, полиция қызметкері мазасын алмасын деп үндемеген. Алайда ол мазалауын тоқтатпады. Күнде жазып, хабарласып, тіпті үйінің алдына бірнеше рет келген.

23 тамыз күні ер адам түркістандық әйелді шығуға көндіреді. Көліктің ішінде айқайлап, соққыға жығып, артынша тағы да зорлайды. Бұл оқиға тағы да жалғасты. 8 қыркүйекте У.  полиция қызметкерінің формасымен және тапаншамен келіп, әйелді қорқытып үйінен шығарады. 

“Кезекшілікте шығар деп болжадым. Қайтадан маған тиісті. Мен бас тартқаныма қарамастан, соққыға жығып, тапаншамен басымнан ұрды, шашымды жұлды. Соққыдан тіпті көзімде ұшқындар байқалды”, – дейді Түркістан тұрғыны.

9 қыркүйекте полиция қызметкері тағы да әйелдің үйінің алдына келіп тұрды. Оның айтуынша, оның үлкен қызынан анасының кім екенін сұраған. 

“Көлікке мінгізіп, қыдыртамын” деді. Осылайша алып кеткісі келген. Қызым бас тартты. Бас тартқаны үшін оны қолынан қысып, жыныстық алымсақтық жасады. Ол қорқып, айқайлап жылап қалды”, – дейді ана.

Айтуынша, 11 қыркүйекте оқиға тағы да қайталанып, полиция қызметкері әйелге қорлық көрсетті. Содан кейін ол таң атқанша жылап, келесі күні Түркістан қалалық полициясына арыз жазды. Алайда тергеу нәтижесіз өткенін айтады. Өйткені қызметкерлер өз жұмыстасына жақтасқан. Келіншектің айтуынша, жеке қауіпсіздік бөлімінің тергеушісі істі әр тарапқа ысыра берді. Тіпті медициналық сараптама нәтижесімен де таныстырмаған.

“У.-ның көлігін айыппұл бекетіне өткізу керек еді. Бірақ тергеуші таппадым деп оны қоймаған. Кейін өзім сол көлікті тауып, бекетке қойғыздым. Бірақ 4 ақпанда барып қарасам, көлік жоқ. Бекеттен босатылды дейді. Ал маған ол ескертілмеді”, – дейді жәбірленуші.

Үш баланың анасы іс қысқартылып, қызметкер жазадан құтылып кетеді деп қорқады.

ҚР Бас прокуратурасының деректері бойынша қызметкерге қатысты іс 120-бап 1-бөлім Зорлау бойынша 18 қыркүйекте тіркелді, содан кейін жеке қауіпсіздік басқармасына тапсырылған. Кейін қылмыстық істің құрамы дәлелденбегендіктен, іс жабылды.
Алайда жәбірленушінің шағымдарынан кейін іс 2023 жылдың 24 қаңтарында қайта басталды.

Түркістан облыстық полиция департаменті факт ҚР ҚК 120-бабы 1-бөлігі бойынша және ҚР ҚК 122-бабы 1-бөлігі бойынша тіркелгенін хабарлады.  Баспасөз хатшысының мәліметінше, тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу әрекеттері жүргізілді.  

“21.11.2022 жылы Түркістан облысы полиция департаментінің жеке қауіпсіздік басқармасында сотқа дейінгі тергеу жүргізілді. 30.12.2022 ж. ҚР ҚІЖК 9-тармағының 7-бөлігінің 45-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу тоқтатылды.  17.01.2023 ж. қылмыстық іс қайта басталып, тиісті сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша заңды шешім қабылданады. Сонымен қатар, аталған өтініш беруші тиісті тапсырма берілген Түркістан облысы ПД бастығына жеке қабылдауға жүгінгенін хабарлаймыз. Қылмыстық істі тергеу Түркістан облысы ПД басшылығының жеке бақылауында” - делінген ведомоствосында.

Талқылау