Түркістан, Жамбыл және Қызылорда облыстарында үсік жүреді
"Қазгидромет" қазанның 14-і күнге арналған ауа райы болжамын жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото. pixabay.com
Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде күн құбылмалы болады. Кей өңірлерде жауын-шашын жауса, еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында нөсер жауын (жаңбыр, қар) болады.
Тек еліміздің оңтүстік-батысында ғана күн жауын-шашынсыз болады. Ел бойынша екпінді жел тұрып, түн және таңертеңгі сағаттарда тұман түседі. Жетісу облысының оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында кей уақытта жел күшейіп, күші секундына 30 метрге жетеді, кейде одан жоғары болады.
Түркістан, Жамбыл облыстарының таулы аудандарында, Қызылорда облысының солтүстігінде 3 градусқа дейін үсік жүреді.
"Қазақстандық өнімді сөреге қойғызбайды": Ақтаудан Алматыға бизнесін дамытуға келген кәсіпкер өндірісін жабуды ойлап жүр
Сөзінше, отандық өнімді қолдамай, оның тауарларына арналған сөре берілмейді.
1 миллион 200 мың теңге: Қазақстанның қай өңірінде мұғалімдер көп жалақы алады
Алматы облысында бір мұғалімнің айлық жалақысы 1 миллион 228 мың теңгеге жеткен