Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында қайтарылған активтер есебінен халық сапалы ауыз сумен қамтылды

ыстық сусыз қалды
Фото: pixabay.com

Түркістан облысында Арнайы мемлекеттік қор есебінен 30 әлеуметтік нысанның құрылысына 26,4 миллиард теңге бөлінген.

Бүгінгі таңда 28 жоба іске қосылып, 2 жобаны ағымдағы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған.

Өңірдегі елді-мекендерді сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге бағытталған ең ірі жоба - Шардара топтық су құбырының құрылысы. Бұл нысанның 1-кезеңіндегі құрылысына 16,5 млрд теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен 11,5 млрд, Арнайы қордан 5 млрд теңге бөлінген.

Аталған қаражатқа Тама учаскесінен су құбыры жүргізіліп, су сорғу станциялары, су тазарту қондырғылары орнатылды.

Нәтижесінде Шардара қаласының 32 мыңға жуық тұрғыны сапалы ауыз суға қол жеткізді. Cоңғы 60 жыл бойы қала тұрғындарынаауыз су Шардара су қоймасының ашық көзінен берілгенін атап өту қажет.

Осылайша, қайтарылған активтер есебінен қаржыландырылған жобалар өңірдің әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға және халықтың өмір сапасын жақсартуға елеулі үлес қосуда.

Stan.kz
Сәрсенбі, 05 Тамыз, 2026 10:49