Түркістан облысында мектепке келген ата-аналар педагогтермен жанжал шығарған
Түркістан облысы Сарыағаш ауданындағы мектептердің бірінде ересектер төбелесіп қалды. Қазір болған оқиғаның мән-жайын полиция анықтап жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Жетінші арнаға сілтеме жасап хабарлайды.
Жанжал педагогтер мен ата-аналар арасында шыққан. Оқиға орнында болған жайт видеоға түсіріліп, кейін желіде тараған. Осыдан кейін жағдайды аудандық білім бөлімі тексерген.

Олардың мәліметінше, ауылдағы мектепке қоғам белсенділері келген. Олардың келу мақсатын анықтау кезінде екі тарап арасында дау туып, соңы төбелеске ұласуға шақ қалған. Қазір бұл жағдайға қатысты полиция тексеру жүргізіп жатыр.
Айта кетейік, бұған дейін Астанада әткеншекке таласқан аналар ойын алаңында төбелес шығарғаны туралы жазған едік.
"Қазақстандық өнімді сөреге қойғызбайды": Ақтаудан Алматыға бизнесін дамытуға келген кәсіпкер өндірісін жабуды ойлап жүр
Сөзінше, отандық өнімді қолдамай, оның тауарларына арналған сөре берілмейді.
1 миллион 200 мың теңге: Қазақстанның қай өңірінде мұғалімдер көп жалақы алады
Алматы облысында бір мұғалімнің айлық жалақысы 1 миллион 228 мың теңгеге жеткен