Түркістан облысында жасөспірім басына оқ тиіп қайтыс болды
Түркістан облысында жасөспірім басына оқ тиіп қайтыс болды. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ішкі істер министрлігінің ресми дереккөзіне сүйенсек, 8 шілде күні кешке Қазығұрт ауданындағы ЖШС-нің бірінің егіс алқабында жүзім бағында құстарды ату үшін жалданған ер адамның атқан оғы байқаусызда жасөспірімнің басына тиген.
“Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 104-бабы 1-бөлігі "Абайсызда қазаға ұшырату" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиға орнына Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің басшылығы, аудан прокуроры мен жедел-тергеу тобы бірден келді”, – делінген жексенбіде тараған ақпаратта.
- Беташар жасап, Ислам дінін қабылдаған: Корей қызы Түркістан облысына келін болып түсті
- "Қылқындырып өлтірген": Шымкентте жалдамалы пәтерден 28 жастағы әйелдің мәйіті табылды
Күдіктіден 12 калибрлі аңшы мылтығы алынды. Сараптама тағайындалды.
“Күдікті Сарыағаш ауданының тұрғыны полиция бөліміне жеткізілді. Барлық мән-жайлар анықталып жатыр”, – деп қосты полиция.
Алматыда каннибалдар жеті әйелді өлтіріп, олардың етінен тұшпара жасаған
Құрбандардың басым бөлігі Саин мен Сейфуллин көшелерінде клиент іздеген секс-қызметкерлері еді.
Қазақстандағы және шетелдегі оқу ақысы қандай: Үздік 500 университетті салыстырып көрдік
Елдегі ең үздік университеттердің өзі былтырмен салыстырғанда төмендеп кетті