Түркістан облысында шенеуніктер пара алды деген күдікке ілінді
Түркістан облысы Адами әлеуетті даму басқармасының бес лауазымды тұлғасына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Олар пара алды деген күдікке ілінген. Бұл туралы облыстық сот мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Қылмыстық істі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті жүргізіп жатыр.
"М., Н., Б.-ның пәтерлерінде тінту жүргізілді, пәтерлер Түркістанда орналасқан. Сондай-ақ, тінту Түркістан облысының әкімдігінде орналасқан қызметтік кеңселерде жүргізілді. Сонымен қатар, тексеру Н.-ның Nissan Almera маркалы қызметтік көлігінде, Б.-ның Toyota Camry маркалы қызметтік көлігінде жүргізілді", – деді Түркістан облысы сотының баспасөз хатшысы Әсет Серікбаев.
"Мәйітін алып келуге 2 апта кетеді": Вьетнамға қызымен демалуға барған қазақстандық әйел көз жұмды