Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Түркістан облысында Қызыл кітапқа енген балық базарда сатылып жүрген

Түркістан облысында полиция Қызыл кітапқа енген балықты сату фактісін анықтады, деп хабарлады Stan.kz ақпарат агенттігі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кентау базарларының бірінде полицейлер сауда қатарларын тексеру кезінде ҚР Қызыл кітабына енгізілген балық сатқан Кентау тұрғыны сатушыны анықтады.

Кентау ПБ ЖПҚ учаскелік полиция инспекторлары балық аулау инспекциясымен бірлесіп, Түркістан облысының аумағында балық ресурстарын, су жануарлары мен өсімдіктерін заңсыз өндіру және сату фактілерімен байланысты әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу және анықтау бойынша рейдтік іс-шаралар өткізді.

"Тексеру барысында, сатылатын балықтардың ішінен тәртіп сақшылары 4 Қызыл кітапқа енген  мұртты балықты тауып алып, тәркіледі. Аталған дерек ҚР ҚК 339 - бабы "сирек кездесетін және Құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ, пайдалануға тыйым салынған өсімдіктер мен жануарлар түрлерін, олардың бөліктерін немесе құрбандарын заңсыз пайдалану" бойынша СДТБТ-де тіркелді, деп хабарлады облыстың полиция департаменті.

Белгілі болғандай, ер адам аталған балықты Түркістандағы сауда нүктелерінің бірінен сатып алған. Қазіргі уақытта факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті тергеуден өтіп жатыр.

Сондай-ақ, Кентау ПБ табиғат қорғау полициясының қызметкерлері құрып кету қаупі төнген балықты сатқан белгісіз адамды анықтау бойынша іздестіру шараларын жүргізуде.
 

Назерке Мұса
Дүйсенбі, 24 Мамыр, 2021 14:29
Талқылау