Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында карантинді елемеген жұрт үй ауласында той өткізген (видео)

Түркістан облысында карантин кезінде той ұйымдастырғандар жауапкершілікке тартылады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Әлеуметтік желілерде қонақ жинап, үй ауласына үлкен мереке жасағандар түсірліген видео таралуда. 

"Үйлену тойы үйдің ауласында жасалған. Қонақ ығы-жығы жиналыпты. Карантинмен ешкімнің де шаруасы жоқ. Әлеуметтік желіде біреулер тойшыл қауымды сынап жатса, енді біреулері керісінше, қолдауда", - делінген жазбада.  

Қазіргі таңда ережеге бағынбағандарды облыстық полиция іздестіруде. 

"Бұл мерекелік іс-шара қашан және қайда өткенін анықтау қажет. Егер той карантин кезінде өткізілгені анықталса, ұйымдастырушылар міндетті түрде жазаланады", - деді ПД өкілдері. 

Айта кетейік, Қазақстанда той өткізуге тыйым салынған. 

Талқылау