Түркістан облысында жантүршігерлік апаттан волонтер қаза тапты
17 сәуір күні Түркістан облысында адам өліміне алып келген көлік апаты болды. Белгілі болғандай, каза тапқан жолаушы жануарлар құқығын қорғаумен айналысатын ерікті Гауһар Серік болып шықты. Қайғылы хабармен басқа еріктілер әлеуметтік желіде бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Алматы – Шымкент тас жолында жоғары жылдамдықпен келе жатқан жолаушылар мінген минивэн жүк көлігімен соқтығысқан. Toyota Alphard көлігінің жүргізушісі Шымкентке жақындай бергенде арақашықтықты сақтамай, жол апатына ұшыраған.
- Алматыда қызы мен анасын көлік қағып кетті: 9 жастағы мектеп оқушысы оқиға орнында мерт болды
- Жүк көлігі Алматы облысындағы тауында шатқалға құлап кетті: Бір кісі қаза тапты
Гаухар Серік жедел жәрдем көлігімен ауруханаға бара жатқан жолда көз жұмса, жеңіл көліктің тағы алты жолаушысы мен жүргізушісі ауруханаға жеткізілген. Зардап шеккендердің екеуінің жағдайы ауыр.
"Бұл үлкен қайғы. @hvostiki_i_my парақшасының волонтері Гаухар қайтыс болды. Өзі жас, өзі сұлу әрі ана, кең жүректі мейірімді жан. Жануарларды қорғау әлемі сезімтал жаннан айырылды. Бұл бәріміз үшін ортақ қаза. Отбасы мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз", – деп жазды еріктілер.
Әйелдің артында үш жасар ұлы қалды.
Талқылау

Министр Нұртілеуді ұстады деп жалған ақпарат таратқан Orda.kz құрылтайшысы кім және оны қандай жаза күтіп тұр?
Соңғы күндері қазақстандық билік Гүлнәр Бажкеноваға бірнеше мәрте ескерту жасады

“50 жыл басқа елде тұрған ата-анам артымнан еріп, көшіп келді”: Қазаққа келін болып түскен корейлік ару жаңа отбасы туралы айтып берді
Екатерина Жанғарина: "Екі үлкен шәугім сүті бар шай беріп, "құя бер" деді"