Түркістан облысында блогер Қазақстан туын "шүберек" деп атаған
Түркістан облысында Қазақстан туын "шүберек" деп атаған тиктокер сотталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: gov.kz
Облыстық соттың мәліметінше, сотталушы 2024 жылдың сәуір айында өзінің телефон камерасына Сауран ауданы Ибата ауылындағы орталық көшедегі туды түсіріп алған.
"Сол күні ол TikTok әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында туы бар видеоны жариялап, “жоғарыға иліп қойыптыго таеульсздик тряпкасн" (“Жоғарыға іліп қойыпты ғой тәуелсіздік тряпкасын iлiп") деп жазған", — делінген сот хабарламасында.
Желі қолданушылары пікірлерде ашулана бастаған соң, аккаунт иесі видеоны өшіріп тастаған.
Ер адамға “мемлекеттік рәміздерді қорлау" бойынша айып тағылды.
Сот оны қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.
Соттың үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Дүниежүзілік көшпенділер ойыны кезінде жылқының жағдайы көпшіліктің ашуын туғызды
Көкпар федерациясы "жылқының аузы шабандоздың әрекетінен қанады" деген ақпаратты жоққа шығарды
Қазақстанда әскерге шақыру кезінде көшеден ұстап әкетуге бола ма: Ер азаматтар нені білу керек
Елорда тұрғыны әскерге шақыру комиссиясының жұмысына шағымданды