Түркістан облысында 9-сынып оқитын қыздың мәйіті табылды: Оны 11 сынып оқушысы өлтірген болуы мүмкін
Түркістан облысының Ордабасы ауданында 9-сыныпта оқитын қыздың мәйіті табылды. Қазір оны өлтірді деген күдікпен 11-сынып оқушысы ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқушы қыздың мәйіті 9 сәуірде Ордабасы ауданындағы суару каналынан табылған.
"Қазіргі таңда жасөспірім қызды өлтірді деген күдікті полиция бөліміне жеткізіліп, қамауға алынды. Аталған жайтқа байланысты ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігі "Адам өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Тергеу ісі Түркістан облысы Полиция департаменті басшылығының жеке бақылауында" делінген хабарламада.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген