Түркістан облысында 11 баласы бар көпбалалы ана атаулы көмек алудан бас тартты
Түркістан облысындағы Біртілек ауылдық округі Аққорған елді мекенінің тұрғыны, көпбалалы ана атаулы әлеуметтік көмек алудан бас тартты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Ulysmedia.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

11 баласы бар батыр ана аймақтағы шенеуніктерге егін егіп, өз кәсібін дөңгелетуге, ол үшін конкурс арқылы жер алуға деген ниеті барын жеткізді.
"Құрметті әкім мырза! "Ауыл аманаты" бағдарламасына АӘК алушылар да қатыса алады деп естідім. Маған АӘК-тің керегі жоқ. Одан да осы бағдарламамен 2 га жер алып, егін егуді қолға алмақпын. Аллаға шүкір, 10 қызым, 1 ұлым бар. Өз-өзімді бағып кетемін", – деді батыр ана.
Ал аймақ басшысы Дархан Сатыбалды "Ауыл аманаты" бағдарламасын жүзеге асыру бойынша батыр ананы кооперативке мүше етіп кіргізіп, жергілікті әкімдік арқылы жерді пайдалануға беруге болатынын айтты.
"Өзіңіз өңдейсіз. Қажет болса сізге 2,5% несие де бере аламыз", – деді облыс әкімі.
"Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді": Қазақстандық кәсіпкердің жаңа салық реформасының кесірінен бизнесі шығынға батқан
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Қазақстанда тұрақты тұруға өтініш берген шетелдіктер қазақ тілінен тест тапсырады: Оларға қандай сұрақтар қойылады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі