Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында 10 жыл бойы қызын зорлап келген ер адамға сот үкімі шықты

Түркістан облысында 10 жыл бойы қызын зорлап келген ер адам сотталды. Айыпталушы 20 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Алматы" телеарнасына сілтеме жасап.

Ақмола облысының тұрғыны 75 жастағы зейнеткерді зорлағаны үшін жазаланды

Оқиға Арыс қаласының маңында орын алды. 16 жастағы жасөспірімнің жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшырағаны туралы бірінші болып анасы күдіктенген. Әйел қызының телефонына әкесінен күмәнді хабарламалар келіп жатқанын байқап, полицияға жүгінуді шешті.

Кейінірек жасөспірім жантүршігерлік мәліметтерді айтты. Ер адам өзінің қызын бірнеше рет мазақ еткені белгілі болды. Одан бөлек отбасында тағы төрт бала тәрбиеленіп отыр.



"Ол 2011 жылдан 2019 жылға дейін өзінің туған қызына қатысты сексуалдық әрекеттер жасады. Тергеу барысында сотталушы өз кінәсін мойындамады, ол мұны ешқашан жасамағанын және жасамайтынын айтты. Сараптама жасалып, күдіктінің кінәсі толық дәлелденді. Айыпталушы 1980 жылғы", - деді Түркістан облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Дәурен Мадалиев.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр