Турист 100 метр биіктіктегі желден үзіліп кете жаздаған көпірдің ортасында қалып қойған
Қытайда қатты соққан желдің салдарынан 100 метр биіктікте орналасқан алып көпір бұзылды. Сол уақытта аспалы көпірден өте алмай қалған турист бірнеше минут бойы құтқарушыларды күтуге мәжбүр болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әйнек өткелдері бар көпір Лунцзин қаласындағы Пиянь тауында орналасқан. Әлеуметтік желіде таралған суреттерде ер азаматтың үзіліп кеткен көпірде асылып тұрғаны байқалады. Өмірі үшін арпаласқан ер адамның суретін төрт милионнан астам адам көріпті.
Абырой болғанда, азамат біраздан соң құтқарылыпты. Оған ауруханада психологиялық көмек көрсетілген.
"Бұл - нағыз қорқынышты түс", - дейді желі қолданушысы.
Оқиғадан кейін тау шипажайы біршама уақытқа жабылыпты.
Қазақстанда күз келсе де күн неге жаздағыдай жылы: Cиноптиктер себебін айтты
Әлемдік климат тұрғысынан 2026 жылдың соңы мен 2027 жылдың алғашқы айлары маңызды кезең болмақ
Алматыдағы "Достық Плаза" маңынан түлкі байқалды: Зоолог мұның қалыпты жағдай екенін айтты
Зоолог Алексей Грачев түлкілер түрлі аурулардың, соның ішінде құтырудың тасымалдаушысы болуы мүмкін екенін де ескертеді