Мамандар: Түнгі уақытта дәретханаға бару бүйрек ауруының белгісі болуы мүмкін
Түнгі уақытта дәретханаға бару бүйрек ауруының бір белгісі болуы мүмкін. Бұл туралы нефролог дәрігер Олег Котенко РИА Новостиге айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Дәретхана бөлмесіне қанша рет бару керек, ол туралы норма жоқ. Бірақ бүйрек қызметінің бұзылуының бір көрінісі - түнгі уақытта дәретханаға тұру болып табылады",- деді дәрігер.
Ол күдікті белгі байқалған жағдайда, маманға көріну керектігін ескертті. Котенко дәрет сындыру кезінде ауырсыну жиі байқалса, несепті шығару жолдарындағы инфекциядан дер кезінде арылу үшін тексерістен өту қажеттігін атап өтті.
Бұдан өзге, дәрігер дәретханаға барғың келген кезде шыдап жүруге болмайтынын ескертті. Себебі несептің тұрып қалуы дерттің пайда болу қаупін жоғарылатады. Инфекция несептен бүйрек тініне өтіп кетіп, пиелонефрит дамуы мүмкін, деді маман.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар
