Трамвай астына әдейі секірген баланың жағдайы белгілі болды
Трамвай астына әдейілеп секірген 12 жасар баланың қандай жарақат алғанын ақ халаттылар айтып берді. Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, жеткіншектің жағдайы қазір бірқалыпты.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
“2005 жылы туған бала кеше кешкісін Павлодар облыстық ауруханасының травмотологиялық бөліміне “көгерген жарақаттар, жабық бас-сүйек ми жарақаты, құлақ сырты мен тізе буынының жарақатымен ” түсті. Таңертеңгі жағдайы бірқалыпты”, — деді баспасөз хатшысы Махаббат Мұхамадиева.
Павлодар облысы ІІД жол-көлік оқиғасына қатысты тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Әзірге оқушының не себепті трамвай астына секіргені белгісіз.
Есте болса, бұған дейін Павлодарда жеткіншектің қоғамдық көлік астына әдейілеп секіргенін хабарлаған едік.
Жіберіп алмаңыз:
Алматылық ер адам мойнында пайда болған алып ісікті емдей алмай жүр
Ғалымдар: Ұйықтамау арқылы күйзелістен арылуға болады
Қазақстандық оқушыларға теріс басылған оқулық берілген: Баспа не дейді
Оқу жылы басталып, оқулықтардың жағдайына қатысты шағымдар көбейді
Астанада қыз 10-қабаттан секіріп кеткен: Полиция бейнежазбаларды туыстарына бермей отыр
Астанада 10-қабаттан секірген арудың достары телефонға мүлдем жауап бермейді
