Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Төрехан Сабырхан әлем чемпионатының алтын жүлдесі үшін жұдырықтасады

Бокстан жастар арасындағы Қазақстан құрамасының капитаны Төрехан Сабырхан әлем чемпионатының финалына шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото:ҰОК

Черногорияның Будвада қаласында жастар арасындағы әлем чемпионатында тамаша өнер көрсетіп жатқан Төрехан Сабырхан финалға жолдама алды. 67 келі салмақта сынға түсіп жатқан отандасымыз алғашқы екі кездесуін айқын ұтып, ширек финалда да өзбекстандық былғары қолғап шеберіне еш мүмкіндік бермесе, жартылай финалда қытайлық боксшыны 5:0 есебімен тізе бүктірді. Енді отандасымыз финалда кубалық боксшыға қарсы жұдырықтасады.

Айта кетейік, Төрехан Сабырхан жастар арасындағы Азия чемпионатының төрт дүркін жеңімпазы. 

Даурен Түлкібай
Жұма, 01 Қараша, 2024 08:37