Төреғали Төреәлі ұлына ерекше есім берді
Қазақстандық әнші Төреғали Төреәлі таяуда дүниеге келген ұлына ерекше есім берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жақында Төреғали мен жары Толқынның бесінші сәбиі дүниеге келді. Әнші ат ұстарына “ТөреМұхаммедӘли” деген есім қойды.
Бұл туралы әнші Instagram-дағы парақшасында жазды.
Желі қолданушылары Төреәлі әулетін құттықтады. Кейбірі балаға ауыр есім берілгенін жазды.
“Негізі өте ауыр есім, дегенмен, соны алып жүре алатындай мықты азамат болсын”, “Ауыр есім екен. Балаға жеңіл есім қойған дұрыс еді... Есімінің ауырлығы болмай аман-есен өсіп кетсін”, “Ерекше есим болды ғой, атына заты сай азамат болсын”, “Ғұмырлы болсын! Атына заты сай азамат болсын”, “Ту ұстар азамат болсын! Әулеті жетпеген қошеметке жетсін!”, – деп жазды желідегілер.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған