Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Төреғали Төреәлі әйелінің туған күніне алғаш рет сый жасағанын айтып, елді таңғалдырды

Төреғали Төреәлі 5 баласының анасы, жұбайы Толқынның туған күніне алғаш рет сый жасағанын айтып, елді таңғалдырды. Ол ерекше сыйды жарының мерейлі жасына дайындаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Төреғалидің жары Толқын 30 жасын отбасы мен туған-туыстарының ортасында атап өтті. Ол Instagram парақшасында мерекенің қалай өткенін, күйеуінен алған сыйын көрсетті. Онда сөз сөйлеген Төреғали Толқынды "Алладан сұрап алғанын" атап өтіп, қызықты хикаясын баяндады. 

"Толқынды біз Алладан сұрап алғанбыз. Кішкентай кезімде әкем гәстрөлде жүретін, анамның қасында қалатын едім. Періштенің тілегі қабыл болады деп, анамның әкесі жазып берген 3-4 сүресі бар етін. Соны оқып болып: "Алладан маған адал келін, өзіңе жар сұра",  – дейтін. Бір Қадыр түнінде анамның аяғын уқалап отырып, соны тіледік. Бір күні үйленетін кез келді. Сөйтсем Толқын да "сен сияқты Қадыр түні тілегенбіз" дейді", - деп ағынан жарылды Төреғали.



Сондай-ақ ол көпшіліктің алдында жұбайына деген сыйын тарту етті. 

"Енді мен осы уақытқа дейін Толқынның туған күніне ешқандай сыйлық бермейтінмін. Осы жолы 30 жасына арнайы дайындадым", – деп бөлісті әнші.

Ол Толқынға Tiffany брендінен әшекей жиынтығын тарту етті.  

Талқылау