Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Төреғали: “Қазақ қызға үйленем” әнін енді қай бетіммен орындаймын

“Қазақ қызға үйленем” әнін Төреғали енді орындай алмайтын болды. Сөзіне сенсек, “Айхай-25” концертінде соңғы рет орындамақ.

Сурет: Төреғали Төреәлінің жеке парақшасынан

Бұл туралы Zhuldyz TV арнасына берген сұхбатында айтты.

“Енді мен ол әнді айта алмайтын болдым. Соңғы рет Республика Сарайында өтетін “Айхай-25” концертімде бір рет айтармын. Содан кейін үйлену тойым болса, бұл әнді қай бетіммен айтамын”, – дейді Төреғали Төреәлі.

Енді үйленетін әнші жігіттерге сыйлайтын болды бұл әнді. Тіпті, болмаса ол әннің мәтінін өзгертетінін айтты. “Қайнардың өлеңі бүкіл қазаққа ортақ. Біз өлеңді қызғанбаймыз, әнді қызғанбаймыз. Енді үйленейін, отау құрайын деп жүрген жігіттер болса, айтуларына болады”, – дейді әнші.


Жіберіп алмаңыз:

Орыс тілінде ән жазған Ерболат Құдайбергенов енді Ресейді бағындырмақ

Төреғали Төреәлі халық аз келіп, өзін сабасына түсірген кеш туралы айтты

Танымал тележүргізуші күйеуі тастаған әйелдерді кешірімді болуға шақырды

Айқын бейнебаяндарындағы жартылай жалаңаш қыздарды қорғап сөйледі

Талқылау