Тоқаев шетелдіктерге арналған "Алтын визаны" енгізуді тапсырды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміз кәсіби тұрғыдан жоғары білікті мамандар мен шетел капиталын тарту үшін "Алтын визаны" енгізу керек екенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Президент депутаттардың бірінші сессияда бірқатар маңызды заңдарды қабылдауы қажет екенін алға тартты.
“Мен осы жылы жасанды интеллектіні орта білім беру саласына енгізу, цифрлық активтер индустриясын дамыту, Digital Qazaqstan стратегиясы туралы бірқатар Жарлық шығардым. Үкімет осы бағыттар бойынша қажетті заң жобаларын әзірлеп, Парламентке ұсынады. Тағы бір мәселе. Біз елімізге кәсіби тұрғыдан жоғары білікті мамандарды, заманауи технологияларды және шетел капиталын көптеп тарту үшін жүйелі шаралар қабылдап жатырмыз. Бұл іске тың серпін беру үшін "Алтын визаны" енгізудің маңызы зор”, – деді ол.

Мемлекет басшысы осы тұста еліміздің көші-қон саясатын жетілдіру қажет екенін жеткізді. Айтуынша, Үкімет тиісті заң жобасын Құрылтайға жолдауы керек.
“Депутаттарымыз оны тезірек қарағаны жөн болар. Биыл Үкімет "Кітапхана және баспа ісі туралы" заң жобасын да әзірлеп, Құрылтайға енгізуі қажет. Бұл – ұлтымыздың зияткерлік әлеуетін нығайту үшін қажетті құжат. Бұдан бөлек, мен таяуда "Шәмші Қалдаяқов" медалі мен "Қазақстанның еңбек сіңірген суретшісі" құрметті атағын енгізу жөнінде тапсырма бердім. Бұл мәртебелі марапаттар ұлт мәдениетіне қалтқысыз қызмет етіп, соның ішінде музыка және бейнелеу өнерін дамытуға елеулі үлес қосқан азаматтарға беріледі. Енді осы бастаманың заңнамалық негізін қалыптастыру қажет", – деп қорытты ол.
Еске салсақ, Тоқаев Тоқаев Ұлттық қордан қаражат не үшін алынатынын түсіндірген еді.
Оңтүстіккореялық шоудың түсірілім тобы Алматы әкімдігінің көмектескенін, бірақ ақша төлемегенін растады