Елімізде электронды парламент жүйесі іске қосылмақ
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Е-Parliament" ақпараттық жүйесін іске қоспақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Тоқаев заң шығару – аса жауапты жұмыс екенін және заңдар әділетті, халыққа түсінікті әрі заман талабына сай болуы керегін атады. Себебі заң мемлекеттегі әр азаматтың тағдырына, өміріне әсер етеді. Сондықтан заңның әр нормасы, әр тармағы тыңғылықты қаралып, жан-жақты талқылануы қажет.
“Заң шығару қызметінің сапасын арттыру және жемқорлыққа себеп болатын жағдайлардың алдын алу үшін жасанды интеллектіні кеңінен қолдануға болады. Әрине, озық технологиялар кәсіби құқықтық сараптаманы алмастыра алмайды. Алайда технологияны сауатты пайдалану арқылы талдау жұмысының тиімділігін арттыруға болады. Депутаттар осы мүмкіндікті ұтымды қолдануы керек”, – деді мемлекет басшысы.
Тоқаев бастамасымен "Е-Parliament" ақпараттық жүйесі әзірленіп жатыр. Бұл жүйе түйткілдерді заң арқылы алдын ала реттеуге мүмкіндік береді.
“Басты мақсат – цифрлық қызметтерді бір жерге тоғыстыру. Құзырлы органдар депутаттармен бірлесіп, осы платформаны Құрылтай қызметіне тезірек бейімдеуі қажет. Еліміз үшін аса маңызды заң жобаларын сарапшылармен бірге жан-жақты талқылау керек. Бұл істе қағазбастылық пен салғырттыққа жол беруге болмайды”, – деді ол.
Құрылтай қоғамдағы өзекті мәселелерге дер кезінде үн қататын жалпыұлттық диалог алаңына айналуы қажет дейді. Депутаттардың қызметі заңдылық, ашықтық, өзара сыйластық, пікір алуандығы қағидаттарына негізделуге тиіс.
Оңтүстіккореялық шоудың түсірілім тобы Алматы әкімдігінің көмектескенін, бірақ ақша төлемегенін растады
"I Live Alone" шоуы: " Түсірілім сәтті әрі кедергісіз өтті"
Өзбекәлі Жәнібеков кім және Қазақстанда оның кесенесі неліктен тарих және мәдениет ескерткіші деп танылды
Реставрацияның мақсаты – кесененің жағдайын жақсартып, сәулеттік келбетін сақтау және ғұмырын ұзарту