"Оңды-солды жұмсалмайды": Тоқаев Ұлттық қордан қаражат не үшін алынатынын түсіндірді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтайдың алғашқы отырысында елімізде стратегиялық маңызды жобаларға Ұлттық қордан қаржы алынатынын алға тартты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Мемлекет басшысы әсіресе Ұлттық қордан қаражат ұзақмерзімді пайдасы бар стратегиялық маңызды жобалардан қаржыландыру үшін бөлінетінін жеткізді.
"Қаражат оңды-солды, мақсатсыз жұмсалмайды. Мұндай қауесетті еш нәрседен хабарсыз, ниеті теріс адамдар таратады. Кез келген қордың, әсіресе, Ұлттық қордың тиімділігі, ең алдымен, келер ұрпақтың игілігі жолындағы зор табысқа, нақты нәтижеге қол жеткізумен өлшенеді. Ұлттық қордың пайдасын балаларымыз көріп отыр. Олардың есепшотына қомақты қаражат аударылып жатыр (Жақында ұстаздар алдында сөйлеген сөзімде оның мөлшерін айттым). Келешекте өскелең ұрпаққа қызмет ететін заманауи, сапалы инфрақұрылымды дамытуымыз керек”, – деді Тоқаев.

Президент бұл еліміздің алдағы ондаған жылдар, тіпті ғасырлар бойы дамуына берік негіз қалайтынын алға тартты.
“Мемлекетіміздің іргесі де осы игі істердің арқасында беки түседі. Бұл мәселеге Қазақстан халқына арнаған Жолдауымда кеңірек тоқталамын", – деп қорытты ол
Еске салсақ, Тоқаев "Ұлттық қор – балаларға" жобасы туралы айтқан еді.
"Қазақстан аруы" Алина Ри "Ғалам аруында" киетін 30 келілік костюмін көрсетті
Алина Ри: "Қазақстанды алғаш рет әлемнің үздік 30 елінің қатарына қосуды армандаймын"
Шетелден көлік әкелуге қатысты заң өзгерді: Қазақстандықтар нені білуі керек
Қыркүйекте көлік экспорты туралы заң шыққаннан кейін шетелден көлікті қалай әкелеміз?