Тоқаев Мелониді Италия Үкіметінің тарихи жетістігімен құттықтады
Қасым-Жомарт Тоқаев Италия Республикасының премьер-министрі Джорджа Мелониді оның Үкіметінің Италия тарихындағы ең ұзақ уақыт қызмет атқарған Үкіметке айналуына байланысты құттықтау жолдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұл туралы Тоқаев X әлеуметтік желісіндегі парақшасында мәлімдеді.
“Италия Республикасының тарихындағы ең ұзақ уақыт қызмет атқарған Үкіметтің құрылуына байланысты Премьер-Министр Джорджа Мелониге шын жүректен жылы лебізімді білдіремін. Оның парасатты әрі батыл басшылығы, Италияның ұлттық мүдделері мен абыройын қорғауға деген берік ұстанымы ел экономикасының тұрақты дамуына және халықаралық аренадағы беделінің нығаюына ықпал етті. Қазақстан мен Италия арасындағы достық пен стратегиялық әріптестікті нығайтуға қосқан жеке үлесін жоғары бағалаймын. Алдағы уақытта да тығыз ынтымақтастығымызды жалғастыруға ниеттімін. Премьер-министр Мелониге жоғары мемлекеттік қызметінде толағай табыс, ал Италия халқына одан әрі өркендеу мен ілгерілеу тілеймін”, – деп жазды Президент Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында.
Айта кетейік, 4 қыркүйекте Джорджа Мелони басқаратын Италия министрлер кабинетінің үздіксіз жұмыс істегеніне 1 413 күн толып, Сильвио Берлусконидің екінші үкіметінің қызмет ету мерзімінен асып түскені белгілі болды. Осылайша Мелони үкіметі Италияда билік басында болу мерзімі бойынша рекорд орнатты.

Джорджа Мелони үкіметі 2022 жылғы 22 қазанда ант қабылдаған. Бұған дейінгі рекорд Сильвио Берлусконидің екінші үкіметіне тиесілі еді. Ол 2001 жылғы маусымнан 2005 жылғы сәуірге дейін, яғни 1 412 күн билік етті.
Еске салсақ, осыған дейін Тоқаев Зеленскийді Украина Тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады.
"Мінбердегі тартыс 7 сағатқа созылды": Нұрлан Оразалин Егемендік декларациясының қалай қабылданғанын айтып берді
Нұрлан Оразалин Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің XII шақырылымының депутаты болған әрі осы тарихи құжатты әзірлеуге тікелей қатысқан
Республика күні мен Тәуелсіздік күні неге екі бөлек атап өтіледі
Саясаттанушы: "Көп жыл бойы "Неліктен 25 қазанның маңызын екінші орынға ысырып қоямыз?" деген мәселе көтерілді"