Толғақты тоқтататын ерекше әдіс: Шымкенттік жүкті әйел мен дәрігердің биі жұртты сүйсіндірді (видео)
Шымкенттік жүкті әйел мен дәрігердің биі жұртты таңқалдырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Желіде айы-күні жақындап отырған келіншек пен дәрігердің және медбикенің биі жарияланып, бұл жеңіл туудың ерекше әдісі екені белгілі болды. Шымкенттегі пренаталды орталықта болашақ ана заманау би билеп елді таңқалдырған болатын.
"Бейнежазбада Гаухардың толғағының алғашқы кезеңі бейнеленген. 4 см ашық тұр. Біздің биіміз толғақты тоқтатуға көмектеседі. Біз қашан толғақ басталады деп күтіп отырып, бастала салысымен биледік. Нәтижесінде Гаухар ешқандай ауырусыз жеңіл босанды", - дейді перенаталды орталықтағылар.
Осылайша келіншек қыз баланы дүниеге алып келген. Гаухардың бұл перзентінен өзге 4 қызы мен 1 ұлы бар. Презентаханады дәрігер Дәулет Сатов бұл биді алғашқылардың бірі болып қолданған.
Естеріңізде болса, бразилиялық акушер-гинеколог Фернандо Гудес да Куньи желіде туайын деп отырған келіншектермен билеп, кең танылған. Дәрігерлердің айтуынша толғақ кезіндегі би толғақты жеңілдетіп, ананың көңіл-күйін көтереді екен.