Толассыз жауыннан кейін Шымкент көшелерін су басты
Шымкентте толассыз жауған жаңбыр салдарынан көшелерді су басты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Otyrar.kz басылымына сілтеме жасап.

Төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында департаментте жедел штаб ұйымдастырылды. Қазығұрт шағын ауданындағы Бөгенбай көшесі бойында, Темірлан тас жолының бойында орналасқан "Закир" дүкенінің жанында суды айдап шығару жұмыстары жүргізілді.
Нұртас шағын ауданында ауланы су баспау үшін инертті материал салынған қаптарды төсеу жұмыстары жүргізілді.
Су шығару жұмыстары қалалық коммуналдық қызметтермен бірлесіп жүргізілді, онда 87 бірлік техника, 65 мотопомпа, жеке құрамның 173 адамы жұмылдырылды.
Жалпы 2508 текше метр су шығарылды, 800 қап инертті материал төселді. Үйлерді су басуына жол берілмеді.
Талқылау
"Халыққа құрметсіздік танытты": Танымал қазақстандық бренд "Борат" образын қолданғаны үшін сынға қалды
"Борат" Қазақстан қоғамы үшін бұрыннан даулы әрі сезімтал тақырып
Желіде шетелге шыққан қазақстандықтарға сыйақы ұсынатындар көбейген: Мұның артында не тұр
Ведомоство мұндай жағдайлар жауапкершілікке әкелетінін ескертті