Токио-2020: Каратэші Нұрқанат Әжіқанов топтық кезеңді жеңіспен бастады
Токиода каратэден екінші жарыс күні басталды. Бүгін Қазақстан атынан 75 келіге дейінгі салмақта Нұрқанат Әжіқанов сынға түсуде, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz порталына сілтеме жасап.

Жеребеге сәйкес, Әжіқанов В тобына түсті. Оның қарсыластары – Цунэари Яхиро (Австралия), Ноа Битщ (Германия), Луиджи Буса (Италия) және Рафаэль Агаев (Әзербайжан).
Бірінші кездесуде Нұрқанат австралиялық Цунэари Яхироны 6:3 есебімен ұтты.
Екінші жекпе-жекте Әжіқанов германиялық Ноа Битщпен кездесіп, 3:3 есебімен тең түсті. Алайда қосымша көрсеткіштер бойынша жеңіс Ноаға берілді.
Айта кетелік, жартылай финалға екі топтағы үздік екі спортшыдан жолдама алады.
Мақсатым — Олимпиада. Жаңа бапкерлік штаб 1,5 жылда нәтиже береді — Ғұсман Қырғызбаев
Ғұсман Қырғызбаев: Біздің қырғыздарға ешқандай қатысымыз жоқ
Қазақстанда шетелдіктер тұрақты тұру үшін қазақ тілінен тест тапсырады: Бұл талап интеграцияны күшейте ме, әлде көшуге ниеттілерді азайта ма?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі