Тоқаевтың ірі сұхбаты қашан жарияланатыны белгілі болды

Фото: Ақорда
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа сұхбаты жарияланады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Мемлекет басшысының көмекшісі және баспасөз хатшысы Руслан Желдібай сұхбат қашан шығатынын жариялады.
"5 қаңтарда "Түркістан" газеті мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен басылымның бас редакторы Бауыржан Бабажанұлы арасындағы кең ауқымды сұхбатты жариялайды", – деп жазды ол өзінің Telegram арнасында.
Өткен жылдың басында Президенттің "Ана тілі" газетінде кең көлемді сұхбаты жарияланды, онда ол маңызды оқиғаларға баға беріп, елдің 2024 жылғы саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуын қорытындылады.
Талқылау