Тоқаев су тасқынына байланысты қазақстандықтарға үндеу жолдайды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін бірқатар өңірлердегі күрделі су тасқыны жағдайына байланысты Қазақстан халқына үндеу жасайды. Мұның президенттің кеңесшісі, баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Президент 13:00-де халықтың алдына шығады.
"Тоқаевтың үндеуі сағат 13:00-де барлық республикалық телеарналардан көрсетіледі", – деді Берік Уәли.
Бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау облысының әкімі Серік Шәпкеновпен телефон арқылы сөйлесті. Тоқаев әкімге облыстың бірде-бір отбасы, бірде-бір тұрғыны мемлекеттің назарынан тыс қалмайтынын айтып, оларға жылы лебіздерін білдіріп, қолдау көрсетуді тапсырды.
Мемлекет басшысы өңірдегі су тасқыны жағдайын бақылап жатқаны хабарланды. Су басу қаупін азайту бойынша барлық шаралар қабылданып жатыр.
Үкімет су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға көмек көрсетіліп, материалдық шығын өтелетінін хабарлады.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"