Тоқаев шорт-трекші Абзал Әжғалиевке қолдау көрсетіп, жеделхат жолдады
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық шорт-трекші Абзал Әжғалиевті қолдап жеделхат жолдады, деп хабарлады Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді. Президент Бейжің Олимпиадасына қатысушы Абзал Әжіғалиевті қолдап жеделхат жолдады.
"Бейжіңдегі XXIV қысқы Олимпиада ойындарындағы өнеріңді қазақстандықтар зор ықыласпен тамашалады. Сіз Олимпиаданың ашылу салтанатында көк байрағымызды желбіреттіңіз, жанкүйерлеріңіздің сенімін ақтап, 500-де ақтық жарысқа шықтыңыз. Бұл спорттың бұл түрі бойынша жасалған ең жоғары көрсеткіш екені анық", - деді Қазақстан басшысы жеделхатында.
Қасым-Жомарт Тоқаев спортшыға ерік-жігері мен жеңіске деген ұмтылысы үшін алғыс айтты. Сондай-ақ Қазақстан көшбасшысы Абзал Әжғалиевтің болашақта толағай табыстарға жетіп, жерлестерімізді қуантатынына сенім білдірді.
"Жоғары жалақы, тегін үй мен тамақ, соңғы үлгідегі MacBook": Италиядағы халықаралық мектепте сабақ беретін қазақстандық ұстаздық жұмысы жайлы айтты
Нұржігіт: "Ата-аналар чаты жоқ, олар ұстазбен сөйлескісі келсе, арнайы қабылдауына жазылады"
"Ауырып қалса, біз жауаптымыз": Қазақстандық мұғалімдер оқушылардың ауыз бекітуіне қарсы шықты
Ал педиатр оқушының ағзасы дамып жатқан ағза, оған су, ақуыз, көмірсу мен май жеткілікті болуы керек дейді