Тоқаев: Сары уайымға салынбаңыздар
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды карантин ережелерін сақтауға және сабырлыққа шақырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы президенттің Twitter парақшасында жарияланды.
«Азаматтарды карантин талаптарын қатаң сақтауға шақырамын. Сары уайымға салынуға болмайды. Көңіліміз көтеріңкі болып, жарқын болашаққа сенуіміз керек. Басты тойларымыз әлі алда. Коронавирусқа шалдыққандарға қажетті ем жасалады. Азаматтарға, бизнеске материалдық қолдау көрсетіледі», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Еске салайық, қазіргі таңда Қазақстанда коронавирусты жұқтырғандардың саны 80-ге жетіп отыр. Олардың екеуі аурудан жазылыпты.
Алматылықтар аптап ыстықта жылудың өшірілмей жатқанына шағымданды: Әкімдік себебін түсіндірді
Алматылық Ерғали Жақсылықов жергілікті билікке шағымданды
"Әйелдерге тән оюды ерлер пайдаланып жүр": Қазақстандық дизайнер жұлдыздардың ою-өрнекті орынсыз пайдаланып жүргенін сынға алды
Кез келген ою – оны жасаған адамның ішкі дүниесінің көрінісі