Тоқаев органикалық өнім өндірісі туралы заңға қол қойды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Органикалық өнім өндірісі және айналымы туралы" заңға қол қойды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: akorda.kz
Заң табиғи ресурстарды сақтауға және оларды ұтымды пайдалануға, сондай-ақ дұрыс тамақтану дағдысын қалыптастырып, органикалық өнім нарығын дамытуға бағытталған.
"Өңірлік қауіпсіздікті нығайту қажет": Тоқаев Тасмағамбетовке тапсырма берді
Заңға бірқатар жаңа ереже енгізілген:
- заңда органикалық өнім өндірісі мен айналымы саласындағы ұлттық заңнаманың мақсаттары мен міндеттері қайта қаралған;
- органикалық өнім өндірушілердің аясы кеңейтілген. Яғни, олардың қатарына жеке және заңды тұлғалардан бөлек, органикалық өнім өндірумен айналысатын бірлестіктерді (жай серіктестіктерді) жатқызуға болады;
- заңда органикалық өнім өндіруге көшу шарттары қарастырылған және оның өндірісіне, таңбалануына және айналымына қатысты талаптар бекітілген;
- органикалық өнім өндірісі саласындағы халықаралық тәжірибелер мен стандарттарға сәйкестендіру мақсатында өндірілген өнімнің сапасы үшін ерікті қатысу, ішкі бақылау, сондай-ақ ұжымдық жауапкершілік қағидаттарына негізделген бірлескен кепілдіктер жүйесін (PGS) құру және оның жұмысы жөніндегі ережелер қамтылған.
Еске салсақ, бұған дейін "масс-медиа туралы" заңның Тоқаевтың қол қоюына жіберілгені туралы жазған едік.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар