Қазақстандықтарға несиелік демалыс беріледі - Тоқаев тапсырмасы
Тоқаев табысынан айрылған отбасыларға қолдау көрсетіп, төтенше жағдай кезінде несие бойынша төлемдерді тоқтата тұруды тапсырды, деп хабарлайды Stan.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Төтенше жағдай кезінде айыппұлдар мен өсімпұлдарды есептеуге тыйым салудан бөлек, дағдарысқа ұшыраған халықтың барлық қарыздары бойынша негізгі қарызды және пайыздарды төлеуді тоқтату керек», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Ол банктерден толық түсіністік пен азаматтық ынтымақтастық күтетінін айтты.
Президент сонымен қатар ломбардтар мен микроқаржы ұйымдарының қызметіне назар аударды.
«Қаржылық жетіспеушілік салдарынан көптеген азаматтар қауіпсіз емес несиелер үшін банктік емес ұйымдарға - ломбардтарға, интернет-несие берушілерге, микроқаржы ұйымдарына жүгінуге мәжбүр. Сондықтан секторды тазарту өте маңызды. Азаматтарды алдауға жол берілмеу керек», - деді мемлекет басшысы.
Тағы оқыңыз
"Қара түсті Mercedes-ке мінгендер аман оралмады": 11 әйелді тонап, зорлап, өлтірген таксистер қалай ұсталды
Марқұмдардың алтын бұйымдарын, ақша мен қымбат заттарын алып Ташкент базарында сатқан
Қазақстанда кәсіпкерлердің жұмысы жеңілдей ме: Жаңа мораторий не өзгертеді
Заңгер: "Жаңа мораторий енгізілсе, кәсіпкерлерге түсетін жүктеме тағы да азаяды"