Тоқаев Қостанайдағы қазақ мектебінің мәселесін шешуді тапсырды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанайдағы қазақ тілінде білім беретін жалғыз мектептің мәселесін шешуді тапсырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Жергілікті тұрғындардың пікіріне қарағанда, Қостанайдағы қазақ тілінде білім беретін жалғыз мектепке қатысты күрделі жағдай қалыптасып отыр. Білім министрі және облыс әкімі барлық мәселені жаңа оқу жылына дейін шешуі тиіс», - деп жазды президент Twitter желісінде.
БАҚ мәліметінше, ата-аналар Қостанайдағы жалғыз қазақ мектебі – Сырбай Мәуленов атындағы №24 гимназияның ахуалының нашарлығына шағымданған.
Алматыда қандай діни ұйымдар бар? Олардың тыныс-тіршілігімен танысып қайттық (Фоторепортаж)
Дін қызметкері Қазақстандағы конфессияаралық келісім деңгейін жоғары бағалады
Астаналық әйел автобус бақылаушысын өзіне қол көтерді деп айыптады
Тұрғын: "Жолаушы жолақы төлеу мәселесіне тап болса, сіздермен дұрыс тілдесе алмайды"