AAPL
150.43 $
-1.51 %
TSLA
275.33 $
-4.59 %
NDAQ
56.93 $
-0.82 %
GOOGL
98.74 $
-1.4 %
FRHC
50.66 $
-3.78 %
AAPL
150.43 $
-1.51 %
TSLA
275.33 $
-4.59 %
NDAQ
56.93 $
-0.82 %
GOOGL
98.74 $
-1.4 %
FRHC
50.66 $
-3.78 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Қостанай облысындағы өртті сөндіруге атсалысқан азаматтарды "Ерлігі үшін" медалімен марапаттады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ірі табиғи өрттерді сөндіру жұмыстарына қатысқан азаматтарды "Ерлігі үшін" медалімен марапаттады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Ақпаратты Ақорданың баспасөз қызметі жариялады.

орден

Тоқаев әскери және қызметтік борышын атқарудағы жанқиярлығы, сондай-ақ төтенше жағдайда көрсеткен жанқиярлығын ескеріп "Ерлігі үшін" медалімен азаматтарды марапаттады:

  • Ахметқалиев Сұлтан Сәкенұлы – Төтенше жағдайлар министрлігі (бұдан әрі – ТЖМ) Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі;
     
  •  Әбуқалық Азат Рысқалиұлы – ТЖМ Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №17 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі;
     
  • Әкім Алдияр Ермекұлы – ТЖМ Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №5 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндірушісі;
     
  •  Бағытжанов Нұрсұлтан Жұмашұлы – ТЖМ Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің №23 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі;
     
  • Базаров Ержан Оралханұлы – ТЖМ "Қазавиақұтқару" АҚ әуе кемесінің командирі;
     
  • Байбөгенов Аслан Тәуекелұлы – ТЖМ Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің №15 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі;
     
  • Бауэр Алексей Александрович – волонтер;

"Бір уақытта сегіз жерден өрттің шығуы сәйкестік емес": Қазақстандықтар орман өртін қасақана ұйымдастыру нұсқасын қызу талқылап жатыр
 

Қостанай облысындағы ірі өрт: Орман шаруашылығының басшысы қамауға алынды


  • Боромбаев Айдос Сағынайұлы – ТЖМ Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің №21 өрт сөндіру бекетінің бөлімше командирі;
     
  • Ержанов Айбек Ахметбекұлы – ТЖМ "Қазавиақұтқару" АҚ әуе кемесінің командирі;
     
  • Жапаров Самат Таласпайұлы – ТЖМ Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі;
     
  • Жолдасов Нұрсұлтан Өмірсерікұлы – ТЖМ Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №9 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндірушісі;
     
  • Қайыров Қуанышбек Жұмабайұлы – Ұлттық ұланның "Орталық" өңірлік қолбасшылығының 5510 әскери бөлімінің сержанты;
     
  • Махамбетов Алмат Арыстанбекұлы – ТЖМ Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №18 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі;
     
  • Мусин Абай Боранбайұлы – Ішкі істер министрлігінің Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының старшинасы;
     
  • Рахин Ербол Қайырбайұлы – волонтер;
     
  • Төлеухан Әнуар Жанатұлы – ТЖМ Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №6 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі;
     
  • Флейтлинг Александр Аликович – Қорғаныс министрлігінің 31775 әскери бөлімінің материалдық-техникалық ротасының трактор жүргізушісі;
     
  • Хасенов Мұрат Қалиханұлы – "Қазақстан темір жолы" Ұлттық компания" АҚ өрт сөндіру пойызының бастығы;
     
  • Шайсұлтанов Медет Еркінұлы – ТЖМ Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі;
     
  • Щурихин Максим Сергеевич – ТЖМ Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 6 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндірушісі наградталды.

Әскери және қызметтік борышын атқару кезіндегі жанқиярлығы және төтенше жағдайда көрсеткен ерлігі үшін Қостанай облысындағы орман өртін сөндіруге қатысқан 20 адам "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 48 азаматқа алғыс жариялады. Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қостанайдағы өрт

Қостанай облысындағы Әулиекөл ауданында алғашында 2 мың га жер өртенді. Орман өртін сөндіру үшін Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин дереу сол аймаққа аттанған. 3 қыркүйек күні кешке қарай өрт аумағы 3 мың га жерге дейін өсіп, 50-ге жуық үй өртенгені белгілі болды. Облыстағы тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіру басталды.



Алғашында болып жатқан оқиғалар барысында мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Қасым-Жомарт Тоқаев орман өртіне байланысты Қостанай облысына сапардан бас тартқысы келмейтінін айтқан, алайда кейін президенттің бұл оқиғаға байланысты облыстағы жедел штабқа баруды жоспарлап отырғаны белгілі болды. Тіпті кейінірек Ақорда қазақстандық саясаткер Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған мерейтойлық шаралар кейінге шегерілгенін, бірақ Тоқаев өртке байланысты Қостанай облысына баратынын мәлімдеді.

3 қыркүйек күні түнде Қостанай облысындағы орман өртінің аумағы 9,4 мың гектарға жетті. Қауіп төнген елді мекендерден 1,8 мыңнан астам адам эвакуацияланды. Өрт салдарынан әсіресе Озерное, Лесное, Калинин және Аманқарағай ауылдары қатты зардап шекті.

4 қыркүйек күні Қостанай облысындағы өрттен 1936 жылы туған қарияның көз жұмғаны анықталды. Жедел шаралар нәтижесінде учаскелік полицей адамдарды эвакуациялау барысында ер адамға ескерткен, алайда марқұм кетуден бас тартқан. Ал бұл уақытта облыстағы өрттің аумағы 43 мың га жетті.

Бас прокуратура 4 қыркүйек күні Қостанай облысындағы өртке байланысты үш қылмыстық істің қозғалғанын мәлімдеді. Аталған фактілер бойынша Қылмыстық кодекстің 204-бабының 2-бөлігі (Отпен абайсыз жұмыс iстеу арқылы ауыр зардаптарға әкеп соққан немесе аса ірі залал келтірілген іс-әрекет), 341-бабының 1-бөлігі (Ормандарды жою), 292-бабының 3-бөлігі (Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.

Сол күні Қостанай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі облыста жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жарияланғанын мәлімдеді.

Талқылау
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр