Тоқаев Қазақстандағы сот жүйесін цифрландыруды тапсырды
Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі сот корпусының жалпы ахуалы, Жоғары Сот Кеңесінің былтырғы жұмысының қорытындылары мен биылғы жылға жоспары жайында жоғары сот кеңесінің төрағасы Талғат Донақовтан сұрап-білді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысына Қазақстан халқына жолдауында және республикалық соттар съездінде берген тапсырмаларының орындалу барысы туралы ақпарат берілді.
Сонымен қатар президентке жоғары сот кеңесі судьяларды іріктеудің сапасын арттыру үшін қолданатын заманауи HR және цифрлық технологияны енгізу жөнінде айтылды.
Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Талғат Донақовқа кеңес жұмысына жаңа технологияларды енгізу, сондай-ақ, елдегі жаңа құрылған әкімшілік соттарға сапалы мамандар іріктеу туралы тапсырма берді.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"