Тоқаев: Иранның өз кінәсін мойындауы – маңызды шешім болды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тегеран маңында орын алған украиналық әуе компаниясының ұшақ апатына байланысты болып жатқан оқиғаларға өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Иран билігінің бірқатар мемлекет азаматтарының өмірін қиған әуе апаты үшін өз кінәсін мойындауы маңызды шешім болды. Бейбіт азаматтарды да құрбан қылатын шиеленісті бәсеңдету үшін, қалыптасып отырған жағдайда барлық тараптар ұстамдылық танытуы керек», - деп жазды президент twitter парақшасында.
Естеріңізге салайық, бұған дейін Иран украин әуе кемесін зымыранмен атып құлатқанын мойындаған еді. Ирандықтар бұл әрекетті әуе кемесін жау ұшағымен шатастырдық деп ақталыпты.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды