Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Біртановтың үстінен іс қозғалсын деген тапсырма беру керек еді - Заңгер

Отандық заңгер Айгүл Орынбек кешегі үндеуден көп үміт күткенін айтады. Оның ойынша, бұл үндеуде Біртановтың осы уақытқа дейін жасаған ісіне есеп берілуі керек еді. Бұл туралы ол өзінің Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Айгүл орынбек

Заңгердің пікірінше, Біртановтың жайдан-жай отставкаға кете салуы дұрыс емес. Оның осы күнге дейін жасаған жұмысы тексеріліп, елдегі ауыр жағдай үшін жауап беруі керек дейді Айгүл Орынбек.

"Мен бүгін үндеуден не күттім? Үкімет отставкаға кетсін! Бас прокурорға Елжан Біртанов үстінен іс қозғалсын деген тапсырма беру керек еді! Бәрін бүлдіріп алып жәй ғана отставкаға кете салу, меніңше дұрыс емес! Бүкіл дәрі-дәрмектер жеткізетін компанияларға тексеру жүргізілсін!" - деген Айгүл Орынбек еліміздің үш қаласында салынған ауруханаларға кеткен шығындар да есепсіз қалмауы керектігін алға тартты. 

"Үш қалада салынған аурухана бойынша кеткен шығындар, халық алдында ашық есеп берілсін! Дәрігерлер ауруханаға жетпей жатқан дүниелерін ашық айтсын, ешкімді жазаламаймыз, кешірім сұратпаймыз деген секілді үндеу күткенім үшін ұялып отырмын!" - деп кесіп айтты заңгер өз жазбасында. 

Айта кетейік, бұған дейін Біртанов өз еркімен отставкаға кеткені айтылған еді. Оның орнына Алексей Цой денсаулық сақтау министрі болып тағайындалды. 

 

Талқылау