Тоқаев Бейсен Құранбектің туыстарына көңіл айтты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі журналист, «Жетісу» телеарнасының директоры Бейсен Құранбектің қайтыс болуына байланысты оның отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтып, жеделхат жолдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Белгілі журналист, танымал тележүргізуші Бейсен Құранбектің дүниеден өтуіне байланысты ауыр қайғыларыңызға ортақтасып, көңіл айтамын. Бейсен Құранбек қазақ журналистикасында өзіндік орны бар, кәсіби қолтаңбасын қалыптастырған азамат еді. «Қазақстан» ұлттық телеарнасындағы «Айтуға оңай», «Қарекет» бағдарламаларын жүргізіп, елдің ыстық ықыласына бөленді, халықтың алғысын алды. Ол Алматы облыстық «Жетісу» арнасының директоры ретінде білікті басшы, ұтқыр ұйымдастырушы екенін де көрсете білді. Марқұмның топырағы торқа, жатқан жері жайлы, иманы саламат болсын!», – делінген президент жеделхатында.
"Наурызға 317 млн, ал Жаңа жылға 793 млн теңге": Қазақстанның бас қалалары Наурыз мейрамына Жаңа жылдан екі есе кем қаржы бөлді
Наурыз бен Жаңа жылды тойлауға қанша қаржы бөлінгенін салыстырдық
Қазақстанда 62 жыл бойы не себепті Наурыз мейрамын тойлауға тыйым салынды
Наурыз - діни мейрам, ескіліктің сарқыншағы деген жалған айыптар тағылды